Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте үш ауысымды бес мектептің мәселесі шешілді

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2021
  • 1614

Шымкентте биыл үш ауысымды бес мектептің мәселесі шешілді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы  ойдағыдай жүзеге асырылуда.  Өңірге жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.  Бірқатар оқу орындарын аралаған партия өкілі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Жас маман» бағдарламасының орындалу  барысын да көрді.

Шымкенттегі  "Жол-көлік" колледжі  дайындаған мамандарға    сұраныс жоғары.  Оқу орнында қазір 1,5 мың  оқушы  кәсіби білім алуда.  Колледждің материалдық-техникалық базасы  «Жас маман» жобасы аясында жуырда жаңартылған.  Еңбек нарығына аса қажет мамандардың кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында 264 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар  сатып алынған.  Заманауи қондырғылар оқу процесіне оң әсер етуде.   

Партия жанындағы білім және ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрайымы жеңілөнеркәсіп колледжінде де болды.  Жұлдыз Досбергенқызы жұмысшы мамандығын даярлауға қатысты  өз ұсынысын білдірді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Үлкен мәселе бізді ойландырып жатқан бұл тек қана колледжің студенттеріне, сол студенттермен шектелмесе екен. Яғни осы колледжің жанында қандай мектеп бар сол мектепте алдағы уақытта автокөлік немесе темір жол мамандығын иеленгісі келетін қанша оқушы бар, сол оқушылардың аясында кәсіби бағдар жұмысын дамытуды біз алға қоюымыз қажет.

Шымкенттегі 14 үш ауысымды мектептердің саны   биыл біршама қысқарды. Апатты мектептер бұзылып, орнына   жекеменшік білім ұясы бой көтерді. Небәрі төрт айда қолданысқа берілген білім беру мекемесі барлық талапқа сай келеді.   Партияның сайлауалды бағдарламасында 5 жылға 54 мектеп құрылысы жоспарланған.  

Жанар БЕКТАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл Шымкент қаласында 1-қыркүйекте 23 мектепті соғып, жылдың соңына шейін 25-27 мектептің құрылысы аяқталады деген жоспарлануда. Яғни біздегі апатты мектептің толық жойылды осы мектептердің салынғаны арқасында. Және де үш ауысымды мектептердегі бала санының бөліп санын бөліп оқытуға байланысты келесі мектептегі өздерінің нагрузкасын азайтты.

Партия өкілі бастаған топ, Сайрам көмекші инернат-мектеп-колледжінде де болды. "Кедергісіз келешек"  жобасы аясында мекеменің ескі ғимараты торлық бұзылып, оның  орнына заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат салынды.  Жаңа оқу жылында қолданысқа берілген нысанда ерекше балалар жатып оқиды. Олар бұл мектеп-интернат-колледжден  арнайы мамандықтар бойынша диплом алып шығады. Айта кетейік, бұл білім ошағы елімізде тұңғыш рет көмекші мектеп колледж мәртебесін алды.  

А. Төребекқызы