Елжан Біртанов тағы екі ай үй қамақта болады. Бірақ экс-министр соттан бұл шектеулерді алып тастауды сұраған болатын. Ол Заң алдында таза екенін бұл жолы да баса айтты. Және негізгі сот отырысына шектеусіз дайындалу керегін атап өтті.
Елжан БІРТАНОВ, БҰРЫНҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Тағы да қайталап айтамын: мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға ешқандай себеп жоқ деп ойлаймын. Біз іс материалдарымен танысамыз, олар өте көп. Бұрын сот маған жұмыс істеуге, отбасымның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берген еді.
Естеріңізге сала кетейік, Біртанов өткен жылдың 7 қарашасынан бері үй қамағында. Ол жұмыс істемейтін цифрлық платформаны қабылдады және санитарлық авиацияны жеке мақсатта пайдаланды деп айыпталған болатын. Бірақ экс-шенеунік мұны жоққа шығарады. Оның үстіне, ол платформаны іске қосуға біреу әдейі кедергі келтірді деп күдіктенеді.
Елжан БІРТАНОВ, БҰРЫНҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Бұл жағдай бір ғана мақсатпен - цифрландыру платформасын іске қосуды болдырмау үшін ойлап табылды деген пікір бар. Біз ұзақ уақыт бойы жұмыс істедік, денсаулық сақтау министрлігінде басқа мемлекеттік органдардағы әріптестерімізбен бірге осы платформаны іске қосуға күш салдық.
А. Базарбай