Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда 12 жасар велошабандоз қаза тапты

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2021
  • 1222

Қызылжарда  жол бойында келе жатқан 12 жасар велошабандозды КАМАЗ көлігі басып кеткен. Спортшы сол жерде көз жұмды. Жергілікті   веломектептің шәкірттері әуежайда жаттығып, негізгі жолмен үйіне қайтып келе жатқан.  5 баладан құралған топ бір сызықтың бойымен жүрген. Бескөл кентіне қарай бұрылмақшы болған сәтте біреуін жүк көлігі қағып кеткен.   Қаза тапқан жас шабандоз -жаттықтырушының қызы көрінеді.

Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілген. Аталған қылмыстық іс шегінде барлық сараптамалық істер тағайындалды.

А. Құрманкин