Русский Сайттың толық нұсқасы

Шаханда жарылған қазандықтың пеш жағушысы өлі күйінде табылды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2017
  • 2513

Шахан кентінің пеш жағушысы өлі күйінде даладан табылды. Тұрғындар оны кентке көршілес Саран қаласының маңында жол бойынан көріп, полицияға хабарлаған. Облыстық ішкі істер департаменті мәйітке тиісті сараптама жасалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Қарағанды облысының аумағынан өлі денесі табылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен сараптамалар тағайындалды. Әйелі табылған мәйітті өзінің жолдасы екенін танып, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салсақ, Қарағанды облысы Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің жертөлесіндегі қазандық жаңа жылдың алғашқы түні жарылған болатын. Салдарынан үйдің бүкіл бір подъезі құлап, 9 адам қаза тапты. Оның үшеуі бала. Сол күні жертөледе пеш жаққан адам оқиға орнынан табылмаған еді. От жағушының артында екі баласы мен зайыбы қалған. Апатқа байланысты ҚК-тің 292-ші, яғни «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабымен іс қозғалып, пеш жағушы 3 айдан бері іздеуде болды.

Айжан ҚУАШ