Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар сайлауалды бағдарламаның орындалуын пысықтады

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2021
  • 1541

«Nur Otan» партиясының бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасы  Батыс Қазақстан облысында 21 пайызға орындалған. Бұл туралы облыстық мәслихаттағы фракция отырысында айтылды. Жиын барысында әр сала бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар жайы  нақтыланды. Нұротандықтар олқы тұстар бойынша сын-ескертулерін де жеткізді. Экономика және бюджеттік жоспарлау ісі, ауыл шаруашылығы саласында кемшіліктер бар. Аймақта әсіресе жол салу ісі ақсап тұр. Жол құрылысына қомақты қаржы бөлінгенімен, мердігерлер мемлекет алдындағы міндеттемесін орындауға асығар емес.

Тұрарбек ТІЛЕМІСОВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңбыр дейді, ыстық дейді. Енді ұтып алған соң істеу керек қой. 2019 жылы болған тендер бұл. 2020 жылы аванс бердік. Істейтін уақыттары болды ғой. Оған қарамау керек, істеу керек! Ыстық болса, кешке шығару керек дегендей моменттар ғой. Екі сменмен жұмыс істеуі керек. Кешке істесін.

Айта кетейік, депутаттық фракцияның бұл бесінші отырысы. Жоспардың орындалу барысын талқылайтын мұндай басқосулар әр тоқсан сайын өткізіледі. Нұротандықтар сайлауалды бағдарламаның  жүзеге асырылуы үнемі партия назарында болатынын жеткізді.

Азамат ҚУАНЫШӘЛИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жылдың қорытындысы бойынша орындалмай қалу қаупі бар көрсеткіштер де анықталған болатын. Сол бойынша жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсынбалар берілді. Негізінен жаңағы көрсеткіштердің басым бөлігі республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінбеуіне байланысты болып отыр. Бұл жұмыстар партияның үнемі бақылауында. Жаңағы айтылған уәделер орындалатын болады.


Е. Карин