Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО май зауытының құрылысы басталды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2021
  • 1219

Петропавлда   май  зауытының құрылысы басталды. Жоба «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының  қаржыландыруымен жүзеге асырылуда.   Өндіріс орнының іске қосылуы өңірде  майлы дақылдарды қайта өңдеу, өсімдік майын,   зығыр және рапс майын, сондай-ақ ірі қара малға арналған жемді өндіру көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан-майлы дақылдар өндірісі бойынша  елімізде көш бастайды. Сондықтан "Масло-дел" компаниясы осында қайта  өңдеу кешенін  салып жатыр.  

Әділ ИСМАҒАМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

«Масло-Дел» компаниялар тобы – біздің бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесіміз.Петропавлдағы жаңа зауытты қаржыландырудан басқа, Қазақстан даму банкі кәсіпорынға 20 000 тонна өсімдік майын өндіру үшін май тұқымдарын сатып алу жобасы бойынша қолдауды жүзеге асырады. Жобаның жалпы құны 15 млрд теңгені құрады, оның 73%-ы – 11 млрд теңгесін Қазақстан даму банкі 12 жыл мерзімге ұсындық.Біз Банк клиенттерінің бізге одан да өршіл жоспарларымен оралғанына қуаныштымыз.


Кәсіпорын  толық іске қосылғанда күніне 1200, ал жылына 180-300 мың тонна майлы дақыл тұқымы қайта өңделеді деген жоспар бар.  Дайын өнім толығымен экспортқа бағытталады. Негізгі бағыт- Қытай, ал жемшөп экспорты үшін Еуропа және Ресей  таңдалған.

Павел СЕЛИВАНОВ, "МАСЛО-ДЕЛ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Әсіресе майға сұраныс жоғары. Канада Қытайға тауар жеткізу көлемін азайтты. Америка экспортты төмендетті.Сондықтан Қытай Қазақстанға, Ресейге, Украинаға қарап отыр. Біздің май өтімді. Ал еліміз жылына 330 мың тонна май тұтынады. Біз оны қанағаттандыра аламыз. Импортқа тәуелділік болмайды. Сондықтанда біз әлемдік стандарттарға сәйкес болу мақсатында өндірістік жабдық жетекші еуропалық жеткізушілерден сатып алынатын болады.

Зауытта маймен қатар мал азығы да дайындалатын болады. Оған да сұраныстың жоғары болатынына сенім мол. Екі жүзден астам адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ бұл жоба өңір шаруаларына   егістік көлемін арттыруға  мүмкіндік береді. Өңдеу  өнеркәсібі  артады. Жылына 300 мың тонна өнім экспортталады.  Зауыт құрылысын 2023 жылы аяқтау көзделіп отыр.
 

Б. Сатуов