Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жыл басынан бері есірткі сату бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2021
  • 2264

Бүгін есірткіге қарсы елордалық еріктілер, тұрғын үй қабығаларындағы анонимді сілтемелерді бояап шықты. Түсініксіз жазулар туралы ақпарат, қала тұрғындарынан келіп түседі екен. Бұрын мұндай белгі қалдырғандардың іс-әрекеті тентектік ретінде қаралған болса, қазір қылмыс болып саналады. Айта кетейін, жыл басынан бері ел астанасында есірткі саудалау бойынша 12 қылмыстық іс қозғалған.

Рейд Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында басталды. Оған Полиция Департаменті және «Есірткісіз болашақ» Республикалық қоры да көмек қолын созған. Жыл басынан бері тұрғын үйлердің қабырғаларына жазылған анонимдік мекен-жайлар туралы қала тұрғындарынан 67 шақырту түскен. Көбіне бұл іспен 18 бен 25 жасқа дейінгі жастар айналысатын көрінеді.

Әлия ҚИБАТҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:


Тұрғындар мен қала қонақтарынан түскен ақпарат бойынша, еріктілермен бірге рейдке шығамыз. Қазір мұндай сызбалар Қылмыстық кодекстің 299-бабы бойынша қылмыстық іс ретінде қаралады. Бұрын тәртіпсіздік ретінде, тек әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қазір 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.  

Іс–шара диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, оның ішінде 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастарды тыю және алдын алу үшін ұйымдастырылған. Жастар көп шоғырланатын орындарда 1000-ға жуық ақпараттық буклеттер таратылмақ.

Арайлым САПАРӘЛІ, "АСТАНА ЖАСТАРЫ" ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Бүгінгі акцияға 20-ға жуық волонтер қатысып жатыр. Олар біздің тұрақты волонтерларымыз. Бұдан бөлек нашақорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бізде жастар арасында семинар-тренингтар өткізіледі. Немесе опростар жүргізіліп, балалардың сұрауы бойынша тұрақты түрде жарнамаларды бояп отырамыз.

Жандос АҚТАЕВ, "ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша осы есірткіге жол жоқ атты акциясын іске асырып жатырмыз. Және нарко рекламаны, нарко жарнаманы интернетте немесе осы фасаттарда орналасқан обьектілерде тауып, оларды бояп жатырмыз.

Ерікті жастар аталмыш іс-шарадан бөлек, пандемия кезінде көмекке зәру жандарға азық-түлік таратып, қарияларға көмек көрсету, аула тазалау сияқты жұмыстарды да ынта-жігерлерімен атқарған.   

Дамир АЙТЫМОВ, ЕРІКТІ:


Иә, маған қатты ұнайды. Мен 2017 жылдан бері ерікті жұмыс істеп жүрмін. Біраз жыл бойы қайырымды шаралармен айналысып келеміз. Короновирус туралы буклеттер таратып, қыста қария, жасы үлкен адамдарға көмек қолын создық.

Шараның басты мақсаты - есірткісіз болашақ. Ұйымдастырушылар үй қабырғасынан түсініксіз әріптермен берілген жазбаларды көрсеңіз, 71 63 93 номеріне хабарласуды сұрайды.  

А. Базарбай