Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 55 жастағы әйел газдан уланып, қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2021
  • 2153

Шымкентте  55 жастағы әйел газдан уланып,  көз жұмды. Ал оның қызы мен төрт жасар немересі   ауруханаға жеткізілді.  Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайлары    орташа.

Марат КАКЕНОВ, ДӘРІГЕР-ТОКСИКОЛОГ:

Табиғи газбен жедел улану, ауыр дәрежесімен. Бір науқас 1995 жылғы және қызы  2016 жылғы, 4 жаста. Қызы жағдайы ауыр болғанда реанимацияға жатқызылды сразу. Керек емі жасалды.  

Мамандардың айтуынша,  көпқабатты үйдегі пәтерде суды жылыту үшін қолданылатын газ колонкасын пайдалану ережесі бұзылған. Соның салдарынан газ сыртқа шығып, улы иіс  тараған. Сондай-ақ әкімдіктің мәліметінше,   отбасы  бұл мекен жай бойынша тіркелмеген.   Қазір оқиғаға қатысты сараптама жасалып жатыр.  Ал газға жауаптылар пәтерде су жылытатын құрылғының   дұрыс орнатылмаған дейді.

Елдар ҚУАНДЫҚОВ, «ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚ» АҚ ШЫМКЕНТ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ ӨНДІРІСТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:


Оқиға орнында зерделеу жұмыстарын атқару барысында монтаждау жұмыстарының бұзылғандығы, яғни газ пайдалануға арналмаған бөлмелерге газ қондырғыларының шығарылуы және де су ысыту құралына мұржа болып табылмайтын материалдарды пайдалану арқылы тысқа шығарылған. Осының негізінде түтін тартудың болмағандығынан пәтер ішіне улы газ тарады деген қауіп бар.

А. Төребекқызы