Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Есіл өзенінің арнасы тазартылды

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2021
  • 1116

Елордада "Дүниежүзілік тазалық күні" аясында Есіл өзенінің арнасы тазартылды. Бұл шараны  Қазақстандағы Еруопалық Одақ Өкілдігі  ұйымдастырды. Белсенділер осылайша  барлық азаматтарды жаһандық экологияға үн қосуға шақырды.Экоакция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

Экологиялық бастамаға 70-ке жуық адам қатысты. Олар- Еуро Одақ елшіліктері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, эко-еріктілер мен қала тұрғындары.

Наут ван ВАУДЕНБЕРГ, НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ УАҚЫТША СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Болжамдарға сәйкес, 2050 жылы қалаларда әлем халқының 68 пайызы тұратын болады. Бұл су мен қалдықтар мәселесін шешуді одан әрі  өзекті етеді. Өйткені қалалар таза сусыз тұра алмайды.Сондықтан да бүгін осындай акция ұйымдастырып, тұрғындарды тазалыққа шақырып жатырмыз.

Экоакция жыл сайын қыркүйек айында дүние жүзі бойынша өткізіледі. Бұл шара жаһандық ластанудың алдын-алуға шақырады дейді оған қатысушылар.

Кестутис ЯНКАУСКАС, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Бүгінгі акцияға қолдау білдіріп жиналған баршаға үлкен алғысымды білдіремін. Бұл аптада дүние жүзі бойынша адамдар тазалық күнін өткізіп жатыр. Жиналғандар әлемді пластик пен ластанудан тазартуға бар күш-жігерін салуда. Осы шараны біз ұйымдастыра отырып қоғамның назарын осы мәселеге аударып, адамдарды қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттырса екен дейміз.


Тоомас ТИРС, ЭСТОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Әлемді өзгертетін идея шағын Эстонияда 2008 жылы пайда болды.  Бес сағат ішінде бүкіл елді тазарту үшін 50 мың адам жиналды.Ал 2019 жылы бұл сан 20 млн-нан асты. Осылайша эко белсенділер бүкіл әлем бойынша жан-жақтан үн қоса бастады. Есесені бұл шара әлем бойынша үрдіске айналды.

Нұр-Сұлтан қаласында да  экоакциялар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Эльнура АБАКАНОВА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕО ӨКІЛДІГІНІҢ КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫСЫ:

Кейбір адамдар жазда демалысқа келеді. Көбінесе осы жерде пластик неше түрлі бөтелкелер, кір, лас заттарды қалдырып кетеді. Оларға кейде қаланың күші жетпей жатады, яғни қала тазылықшыларының. Сондықтан бізді осы жаққа жіберді. Биыл мысалға бізде 60-70 шақты адам жүрсе осы жерде. Ендігі жылы біз 6 мың адам жинаймыз деген  ниетіміз бар.

Еуроодақ Өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 27 елшіліктен адамдар  қатысты. Тазалық кезінде жиналған шыны ыдыстар мен пластиктер қайт өңдеуге жіберіледі.

Б. Сатуов