Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда атыс болды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2021
  • 1299

Алматыдағы Ақбұлақ шағын ауданында атыс болып, 5 адам қаза тапты. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабар тарады. Күдікті аңшылық қарумен оқ атқан.

Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының төрағасы Ернар Ибраевтың хабарлауынша 2 учаскелік полиция инспекторы, 1 сот орындаушы және 2 тұрғын қаза тапқан. Полицияның  дерегінше оқиға үйден шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде болған. Сол үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне оқ жаудырған. Күдікті қолға түсті. Қанды оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті.

Ә. Лесбек