Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда бір-бірімен төбелескен діншілдерден қару табылды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2021
  • 1656

Оралда бір-бірімен төбелесіп қалған діндарлардан, суық қару тәркіленді. Полиция дерегінше, қаланың қақ ортасында екі жігіт жанжал шығарған. Суыт дабыл ізімен оқиға орнына жеткен сақшылар оларды ұстады. Куәгерлердің айтуынша, сырт пішімі деструктивті діни ағым өкілдеріне ұқсайды. «Діншілдердің» не үшін дауласып, бір-бірімен неге жаға жыртысқаны әзірге белгісіз. Мұны енді тергеу амалдары анықтамақ. Бүгінде қаланың қақ ортасында қару асынып жүрген күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпараттарды құзырлылар жариялаудан бас тартты.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Тексерген кезде күдіктілердің бірінен тапаншаға ұқсайтын зат табылды. Сонымен қатар одан патрон салатын қорамсақ пен кобура да табылды. Енді осы дерек бойынша сараптама жасалады. Қазір ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Е. Карин