Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда тұрғындарының 66 пайызы екпе алды

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2021
  • 1324

Елордада коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек тұрғынның 66 пайызға жуығы екпе салдырған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Індет жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандар да азайған.  Бас шаһардағы эпидахуал мен вакциналау қарқыны туралы әріптесім Асылбек Данияр тарқатып айтады.

Бұл -67 жастағы елорда тұрғыны, "Қазақстанның құрметті журналисі" Оралбек Жүнісұлы. Инфекциялық ауруханада жатқанына 1 айға жуықтаған.     Қарияның айтуынша, індетке қарсы екпе салдырмаған. Бастапқыда әлсіздік пайда болып, тыныс алуым  қиындай бастады дейді.  Жағдайы нашарлаған соң  дәрігер көмегіне жүгінген. Аурухана түскен соң, жасанды дем алу аппаратына қосылған.    

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Пысылдағандай болып жүрдік өзіміздің тұмау сияқты деп. Іле-шала балаларға айттым: осы мені тапсырыңдаршы, мынаның түрі жаман сияқты деп. Вакцина алғандар жеңіл өтіп кетті. Бір демалыс жатты, ойнап-күліп өтіп кетті. Сондықтан, вакцина алу керек. Жеке пікірім, алу керек вакцина алып едік, көрдіңіздер ме жеңілдеді ғой халық.

Енді қария  дәрігерлер рұқсат берсе 3 айдан кейін вакцина алуға дайын. Өзін аяққа тұрғызған ақ халаттыларға алғысы шексіз.   Бөлім меңгерушісінің айтуынша, науқастың өкпесі 68 пайыз зақымданып, ауруханаға ауыр жағдайда түскен болатын дейді.   

Жанар БӨКЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №3 ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:


Вакцина алмаған, сондықтан да ол кісінің жағдайы өте ауыр болды. Бүгінгі таңда жасалған ем-домның арқасында жағдайы жақсарып, үйіне шығарылып жатыр.

Денсаулық сақтау саласының мамандары емдеу мекемелеріне түсіп жатқандардың көбісі екпе алмағанын айтады. Жағдайы ауыр болғандықтан  тыныс алу аппаратына қосылатынын жеткізді. Бүгінге дейін 427 мыңнан аса қала тұрғыны ковид-ке қарсы препарат  алған. Мамандардың айтуынша, қалада вакцина жеткілікті, 3 түрі де бар.   

Айгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

40-тан астам вакциналау пункттері бар. Олар сауда үйлері мен ойын-сауықтарын қоса алғанда. Вакцина алмын деушілерге көптеген науқандар бар. Осы келесі апта 2 бөлмелі пәтердің жеңімпазын анықтайтын боламыз.


Елордадағы жұқпалы ауруханалардағы төсек жүктемесі  қазір- 43 пайыз. Тәулік ішінде жұқпалы дерт 300-жуық  адамнан анықталған. Бұл жаздағы жағдайдан едәуір аз. Дегенмен, мамандар босаңсуға болмайды дейді.   

А. Данияр