Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте экология департаментінің басшысы төбелескен бе?

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2021
  • 2707

Әлеуметтік желіде  жартылай жалаңаш күйдегі екі белгісіз азаматтың төбелесі тарады. Бейресми ақпараттарда олардың Шымкент қалалық Экология департаментінің басшысы мен  қызметкері екені айтылған. Осыған орай  мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі өкілдігі тексеру бастады. Қазір олардың жеке басына қатысты мәліметті тиісті орын анықтау үстінде.  

Қазыбек ЕРБОЛАТ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл мәселе бойынша ақпарат бізге келіп түсті. Қазіргі таңда ақпаратты жинау жұмыстары жасалып жатыр. Сондықтан қосымша ақпарат бере алмаймыз ешқандай. Тексеру жұмыстары аяқталмағанша ешқандай ақпарат беруге болмайды.

А. Төребекқызы