Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақмыс" ғимаратынан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2021
  • 1222

Елордадағы "Қазақмыс" ғимаратынан өрт шықты. Қызыл жалын кешкі сағат 6-лардың шамасында тұтана бастаған. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, қазақ тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 44 құтқарушы мен 11 техника жұмылдырылды. Сонымен бірге, жедел жәрдемнің 2 бригадасы оқиға орнына жеткен. Қазір өрт толығымен өшірілген. Оның неден шыққанын тиісті мамандар зерделеп жатыр.

А. Данияр