Елімізде коронавирус індетінен бүгінгі күнге дейін 11 мыңға жуық науқас көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Ал, Америка Құрама Штатында вирус құрбандары саны испан тұмауынан зардап шеккендерден асып түскен. Бір ғасыр бұрын әлемде 600 миллион адам испан тұмауын жұқтырған. Осының салдарынан 675 мың американдық көз жұмған болатын. Ал қазір короновирустан қаза болғандар саны бұл көрсеткіштен бір мыңға артық. Күн сайын орта есеппен 2000 адам індеттің құрығына ілініп, қайтыс болып жатыр. Алайда, билік екпені толық алған ЕуроОдақ пен Ұлыбритания азаматтарына АҚШ-қа кіруге рұқсат берді.
Билл де БЛАСИО, НЬЮ-ЙОРК МЭРІ:
Мен біз бүкіл әлемге вакцина салдырамыз деп айттым. Барлық әлемдік көшбасшыларға, әсіресе Бразилия президенті Болсонароға, егер сіз осында келгіңіз келсе, екпе салдыруыңыз керек деп айтқым келеді. Егер сіз вакцина салғызбасаңыз, Бұл жаққа келудің керегі жоқ.
Бір күн бұрын Бразилия президенті Джаир Болсонароны екпе салдырмағаны үшін Нью -Йорк мейрамханасы кіргізбеген. Ол әлемде COVID-19 індетіне қатысты саясатымен әйгілі. Пандемия кезінде ешқандай карантин жарияламаған.
А. Базарбай