Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жағармай тапшы

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2021
  • 1384

Шымкентте тағы да дизель   тапшылығы туындады. Көлік тізгіндегендер сұйық отынды ақшасына таппай жүр.  Айтуларынша, май құю бекеттерінің кейбірінде солярка   болғанымен тек талонмен ғана құяды.  

Тайыр ТӨРЕХАНОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Бір апта болды ғой, жоқ. Барсаң талон дейді, карточка дейді. Сонымен қайтамыз рақмет дейміз да. Қайдан аламыз біз талонды.  

Дархан СӘРСЕНБИН, МАЙ ҚҰЮ БЕКЕТІНІҢ ОПЕРАТОРЫ:

Бізге не себепті тапшы болып жатқанын ешкім түсіндіріп жатқан жоқ. Қазір солярка мүлдем жоқ. Әкеліп жатқан жоқ.

Қазір қалада дизель отыны 199-200 теңге  шамасында сатылып жатыр. Ал Жетісай бағытына жүретіндер мақталы өңірде жағармайдың 1 литрін 240 теңгеден құйып жатырмыз дейді.

Түркістан облысына жолаушы тасымалдайтындар   мәселе тез шешілмесе жұмысымыз тоқтап қала ма деп уайымдайды.

Қуаныш ӘБДІРАЙОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Жылда қайталанатын мәселе да бұл. Жылда солярка дефицит болады, артынан солярка қымбаттайды. Білмейм, бұлай әрі қарай жалғаса беретін болса біз жұмыс өте қиын жағдай болайын деп тұр. өйткені біз жолаушы тасимыз. Мәселені үкіметтегілер шешеді деп ойлаймыз.


Ал өңірлік жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы мұның барлығы  жоспардың жоқтығынан дейді.  

Қайыпбек ҚАМБАРОВ, ОҚО ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз көріп жүрміз күнде, анау сатып жатыр, мынау сатып жатыр. Ал кәдімгі жәй өзіміздің кәсіпкерлер өзінің мөлшерінен екі есе аз алып жатыр. Солярка бар. Бірақ бағасы қымбат. Оны кім істеп отыр?, ортадағы алыптасарлардың көбейіп кеткенінің арасында ол, міне, мәселе осында.

А. Төребекқызы