Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың оңтүстігінде құйыннан 3 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2017
  • 2464

Қытайдың оңтүстігінде тайфун жүріп, 3 адам қаза тапты. Тағы 30 адам зардап шеккен. Із-түссіз кеткендер де бар. Макао билігінің хабрлауынша, 30 жасар ер азаматтың үстіне ағаш құлап, жазым болған. Тағы бір адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды. Бастапқыда 4 әйел жоғалып, кейін екеуі табылды.

Қаладағы қонақ үйлер жабылуға мәжбүр болды. Өйткені дауыл электр бағаналарын бұзып, ғимараттарға жарық жетпей қалған. Әкімшілік қонақтарға бөлмелерден шықпауға кеңес берді. Гонконг қаласында да ағаштар тамырымен жұлынып, көшелер суға кеткен. 400-ден аса әуе рейсі көкке ұшпай қалды. Метео қызмет мамандары тайфунның қуаттылығын 10 баллға теңеп отыр. Билік өкілдері апатпен күресуге бар күшін салып жатқанын мәлімдеді.