Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында тіл жанашырлары бас қосып, бірқатар мәселерді көтерді

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2021
  • 1487

Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті. Бүгін Алматы облысында бас қосқан тіл жанашырлары осылай деді. Олар саладағы бірқатар мәселелерді көтерді. Мамандар елдегі аралас мектептердің санын азайтып, қазақ тілінің деңгейін арттыру қажеттігін тілге тиек етті.

Қоғам қайраткерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері бас қосқан жиында, мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайы сөз болды. Зиялылар тіл мәселесінде тұралап қалған бірқатар түйткілдерге тоқталды. Атап айтсақ, халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік қызметкерлер қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Сөйлей алмаса, талап ету керек дейді тіл жанашырлары.

Оразкүл АСАНҚЫЗЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ТІЛ ЖАНАШЫРЫ:

Егер біздің экономикамыз дамысын десек, әлеуметтік жағдайымыз, саяси мықты боламыз десек біз тілімізді қолданысқа енгізуіміз керек. Сауда үйі ма,  көлік па, халыққа қызмет көрсету орталығы ма қай жерге барсаң саған мемлекеттік тілде қызмет көрсетпесе соны айту керек, жазу керек.

Дегенмен бүгінге дейін талай олқылықтар оңалды дейді мамандар. Ел ішінде тіл оқытумен айналысатын орталықтардың саны артқан. Қаладағы жарнамалық жазулар мемлекеттік тілде қатесіз жазыла бастапты. Қоғам қайраткерінің айтуынша, бұл жылдар бойы атқарылған жұмыстардың жемісі.

Асылы ОСМАН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ТІЛ ЖАНАШЫРЫ:

Міне бүгін 30 жылдығымызды сол 30 жылдан асқан тілімізбенен байланыстырып келіп отырған жетістігіміз де бар. Кемісітігім де бар. Бірақ сол жетістігімізге ғана мәз болмай, кемшілігімізді көбірек айтып, оны жетілдірейік.

Мемлекттік тіл мәртебиесін көтеру мақсатында Алматы облысында бірақатар жұмыстар жасалынған. Мәселен, бір ай бұрын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған республикалық көрме байқау ұйымдастырылған. Бүгін тіл мерекесі қарсаңында байқаудың жеңімпаздары анықталды.

Айнұр ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ, БАЙҚАУДЫҢ ЕКІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ:

Күтпеген жағдай әрине екінші орын алу мен үшін. Ерекшелігі бұрын ата-бабамыздан келе жатқан ұмытылып кеткен біз кесте түс киізге тігілген. Сол түс киізді біз картина қып шығардық.

Жалпы «Тіл және Тәуелсіздік» көрме байқауына еліміздің әр өңірінен 148 адам қатысқан. Әділ-қазылар солардың ең үздік деген 30-ын марапаттады.  Жалпы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма аталған шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Ә. Лесбек