Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорданың қақ ортасында автобус 10 көлікті соғып өткен

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2017
  • 1897

Астанада көшенің қақ ортасында автобус жүргізушісі 10 көлікті соғып өтті. Оқиға бүгін  Кенесары көшесінде болған. Куәгерлердің айуынша, автобус тежегіші істен шығып, алдында жүріп бара жатқан көліктерді бірінен соң бірін қаққан. Апаттан бірнеше адам зардап шегіп, жедел жәрдем қызметімен бірден ауруханаға жеткізілді.

Ал автобус паркі өкілдерінің айтуынша, тоғызыншы бағыттағы автобус жүргізушісі сағатына 28 шақырым жылдамдықпен жүрген. Алайда, мамандар бұл болжам ғана деп отыр. Қазір толық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Зардап шеккен 10 көлік жүргізушілеріне өтемақыны сақтандыру компаниясы өтейтін болады. Ал түрлі жарақат алған адамдарға сотқа арыз жазғаннан кейін, өтемақы талаптары қаралатын болады", - деді нөмірі 1-ші қалалық автобус паркінің өкілі.

Жомарт Байбеков, Астана қ. №1 автобус паркінің қауіпсіз қозғалыс бөлімінің басшысы:

Заңға сәйкес, соттың шеңберінде сақтандыру полисі әрекет ететін болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке сәйкес, барлық шығындарды сақтандыру компаниялары мойындарына алады. Қазіргі таңда зардап шеккен жүргіншілерден хабар болған жоқ. Бір жеңіл көлік жүргізушісінің миы шайқалып, ауруханаға жатқызылды.