Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұрағат саласындағы өзекті мәселелер халықаралық конференцияда көтерілді

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 2350

Елордада "Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған Ресей, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің мұрағат саласындағы мамандары келді. Алқалы жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ұлттық мұрағаттың 15 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жиында қатысушылар мемлекеттің қалыптасу жолы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи ролі туралы баяндады. Сондай-ақ, архив ісінің болашағы сөз болды.

Мирболат ЖАҚЫПОВ, ҚҰЖАТТАНУШЫ:


Мына егемендігіміз жылдар бойы барлық құжаттар сол Ұлттық архивке тапсырылады. Соны қазір біздің ғалымдар зерттеп, жаңа тарихымызды жазып жатыр .Ондай үлкен тапсырма да бар, олардың алдында Елбасымыз қойған. Мына жаңғыру бағдарламасы да, Елбасымыз өзі бастаған.


Жиында сарапшылар саладағы өзекті мәселелерді декөтерді. Әсіресе кадр тапшылығы көпшілік елдерде байқалып отыр. Оған жалақының аздығы себеп дейді. Қазақстанда бір ғана әл-Фараби атындағы университет мұрағатшыларды дайындайды. Жеті жоғары оқу орындарында бұл факультет жабылып қалған. Өйткені сұраныс жоқ көрінеді.

Б. Сатуов