Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайыс жеңімпаздары ақшалай сыйлыққа ие болады

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 1873

«Нұр Отан» партиясы    тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  «Тұлпар мініп, ту алған!» атты байқау ұйымдастырмақ. Сайыс талабы бойынша  6 және 10 сынып оқушылары «Едіге батыр» жырын жатқа айтуы тиіс.  Сондай-ақ тарихи оқиғаларға қатысты сұрақтарға жауап беріп, өлең жолдарында кездесетін көне сөздердің мағынасын ашуы керек.  Байқау 25-қыркүйек пен 5-қараша аралығында өтеді.  Жеңімпаз оқушылар мен олардың  ұстаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Дәурен ОМАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША "QAZAQ EPOS" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:


Аудандық кезеңде бірінші орын алған оқушыларға 150 мың, екінші орын алғандарға 100 мың, үшінші орын алғандарға 50 мың теңге қаржылай сыйақысы бар . Ұстаздар дипломдармен марапатталады. Аудандық кезеңде алғашқы 3 орынды алған, облыстық кезеңге өтеді, облыстық кезеңде топ жарған оқушыға 750 мың теңге беріледі. Ал оның ұстазына 1 жарым миллион.

А. Базарбай