Русский Сайттың толық нұсқасы

Марафоншылар рекорд жаңартты

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 1257

Павлодарлық марафоншылар Нұрсұлтан Бірлік пен Олжас Кәкімжанов жүгіруден жаңа рекорд орнатты. Олар Семей-Павлодар бағытында 330 шақырымды 44 сағаттың ішінде жүгіріп өткен.  Ал, бұған дейін ультрамарафон рекорды- 320 шақырым болатын.  Жігіттер бұл марафонға 1 жыл бойы дайындалғандарын айтады. Демеушілер мен қарапайым ауыл тұрғындарының қолдауының арқасында ешбір қиындық болған жоқ дейді олар. Қос желаяқтың ендігі жоспары- келер жылы ел ішінде мың шақырымды жүгіріп өтіп, тағы да рекорд жаңарту.

Нұрсұлтан БІРЛІК,  МАРАФОНШЫ:


Демалыс 4-5 рет болды. Бірақ біз алдында жоспарлағанда 1-2 сағат демаламыз дедік. Бірақ та, жаңа айтқандай, кішкене психологический "біз жетпей қаламыз ба" деген қорқыныш болды. Демалатын уақытта біз жүгіріп, түнгі уақытта кішкене жәй жүріп солай уақыт ұттық.


Д. Жарқынбек