Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда қазынадан 40 млн.теңге жымқырған шенділер сотталды

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 1911

Павлодарда  мемлекет қаржысын жымқырған шенділер 7 жылға сотталды. «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының директоры мен  кассиріне  қатысты  үкім шықты. Олар 2 жыл бойы жалған құжаттар жасап, қазынадан 40 млн. теңге  жеген. Алайда, сотталушылар  кінәсін мойындамады. Судья олардың жасы мен шығынның бір бөлігін қайтарғанын ескеріп,  жазаны жеңілдеткен.

Гүлсім АҚТАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Олар сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде, қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы талан-таражға салу фактісі бойынша кінәлі деп танылып,  әр қайсысына 7 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының директорына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі 2 жыл бұрын қылмыстық іс қозғаған. Орталық директорының мемлекетке  10 млн. теңгеден астам шығын келтіргені  және бұл іске басқа да лауазымды тұлғалардың қатысы бар екендігі айтылған болатын.   

Ө. Қуанар