Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзенді ластаған кінәлілер жазалансын,-Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 1406

Кінәлілер өз жазасын алсын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенінің ластануына байланысты, жауапты министрлікке осындай тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Мәселе "Айқын" газетінің бүгінгі санында көтерілген еді.  "Қалжырды кім ластап жатыр?" деген мақалада, аталған өзенді, заңсыз алтын өндірушілердің ластап жатқаны туралы жазылған. Өзен маңайында 10-ға жуық елді-мекен орналасқан. Санитарлық мамандар, тіпті суда зиянды заттар мөлшері 17 есеге артқанын анықтапты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне бұл проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді.


А. Данияр