Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы атысқа қаржыны реттеу органдары да назар аудару керек, депутат

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 1293

Алматыда болған атысқа, қаржыны реттеу органдары да назар аудару тиіс. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Андрей Линник, банкттердің құйтырқы әрекеттерін сынады. Ол: "қаржы ұйымдары борышкердің мүлкін тәркілеген кезде құнын кемітпеу керек"- деді. Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктердің мұндай мүмкіндігін шектеуі тиіс деп санайды.

Андрей ЛИННИК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АҚЖОЛ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көріп отырғанымыздай Алматыдағы жағдайға қарыз алушының жалғыз баспанасы түрткі болды. Банк қарыз алушының тұратын үйін де тартып алмақ болған. Жылдар өте келе ол мақсатына да жеткен. Қарыз алушыны отбасымен далаға қалдырып, жалғыз баспанасынан айырды. Яғни несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету қажет.

Мәжілісмен елде осындай жағдайды бастан кешіріп отырғандардың бар екенін жеткізді. Осының салдарынан қарыз алушылардың көбі өзіне өзі қол жұмсауға дейін барып жатады деді. Көбіне Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі, әділетсіз сот шешімдері, сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің астыртын сөз байласуы сияқты жайттар мәселені ушықтырып жіберетінін тілге тиек етті. Сондықтан "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын енгізу керек екенін айтты. Экономисттер болса, елдегі қаржы нарығына өзгеріс енгізбей, жағдай оңалмайды.

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Заң бойынша екінші деңгейлі банктер пайызды 56 пайызға дейін көтере алады жылдығын. Бұл өте жоғары. Екінші мәселе нарықтағы ақшаның құнын арттыру керек. Теңгеміз құнды болмай, базалық пайыздық мөлшерлеме де төмендемейді. Құнды болу үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен жұмысы керек.


Ә. Лесбек