Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында тағы да жол апатын болып 6 адам ажал құшты

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2021
  • 1983

Жамбыл облысында тағы да жантүршігерлік апат орын алды. Бұл жолы жол көлік апаты тіркеліп, 6 адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Жалпы республика бойынша басқа аймақтарға қарағанда, Жамбылда жол көлік оқиғасының көрсеткіші 10 пайызға жоғары. Соңғы кезде кісі өліміне әкеліп жатқан апаттар неге жиіліп кетті? Әріптесім Берік Жұмабайдың репортажы.

Қайғылы оқиға таңға жуық Тараздан 15 шақырым шыға-берісте болған. Яғни, "Тараз-Алматы" бағытында «Ауди» мен «Тойота» автокөліктері соқтығысқан. Осының салдарынан 4 ер адам мен 2 әйел қаза тапты. Олар жедел жәрдем көліктері жеткенге дейін жан тапсырған. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің сау-тамтығы жоқ. Болжам бойынша төрт доңғалағы аспанға қарап жатқан көліктің ішінде үш адам болған көрінеді. Ал екінші көлікте 5 жолаушы отырыпты.

Темірбек ОРАЗЫМБЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Және де сараптамалар тағайындалды.

Апаттан аман қалған екі адамның бірі аудандық ауруханада. Оның жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Ал қалалық ауруханаға түскен 95 жылғы азаматшаның жағдайына ақ халаттылар алаңдаулы.

Сәкен ЖҰМАШЕВ, ТАРАЗ қ. КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Миы шайқалған, оң жақ иығына зақым келген. Оң жақ аяғына зақым келген. Темной часть жарақат алған. Қазіргі таңдағы жағдайы жаман емес,бірқалыпты. Нейрохирургия бөліміне жатқызылған.

«Ауди» маркалы автокөлікті тізгіндеген тараздық тұрғын, 24 жаста екен. Ол бажасы мен оның әріптесін жақында ғана жырылыс болған әскери бөлімге жеткізіп тастамақ болған көрінеді. Бірақ діттеген жеріне жетпей үшеуі де апатқа ұшырап ажал құшты.

БЛИЦ:

- 24 жаста, жақсы бала етін.бір қызы бар, келіншегі бар. Екі қарындасы бар.

- Ол қайда шыққан, көлікте кімдер болған?

- Онысын білмейміз. Біз өзіміз де жаңа естіп келіп отырмыз.


СЫНЫПТАСЫ:


Бауыржанмен кішкентайымыздан бірге өстік, бір сыныпта оқыдық. Досқа адал, отбасыға қамқоршы болатын. Үйінің жалғыз боласы.


Биыл өңірде жалпы 8 айдың қортындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 19 пайызға артқан. Ал өлім- жітім 37 пайызға өссе, жарақат алған адамдардың көрсеткіші 17 пайызға көбейген. Тәртіп сақшылар қайғылы жағдайдың жиілеп кетуіне 3 себеп түрткі деп отыр.

Рахымберді ӘШКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Ең бірінші жылдамдықты асыру. Екінші ұйықтап кету.Үшінші қарсы бағытқа шығу.Осы үшеуі біздің барлық болып жатқан көлік оқиғасының основной себебі осы. 

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Осыдан бірер күн бұрын Таразда аялдамада тұрған бір топ адамды көлік қағып, 2 әйел ажал құшқан болатын. Құқықбұзушы қазір қамауда отыр. Айта кетейік жыл басынан бері жалпы жол ережесін бұзғандарға 1 млрд 419 млн теңге айыппұл салынып, 971 млн теңгесі өндіріліпті.

Б. Жұмабайұлы