Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда оқушылары қосымша біліммен 100 пайыз қамтылады

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2021
  • 1906

Елордалық  оқушылар  2025 жылға дейін   қосымша біліммен  толық қамтылады. Қалалық білім бөлімінің жоспары осындай.  Ал биыл мектеп жасындағы балалардың уақытын тиімді өткізу үшін түрлі жаңа үйірмелер ашылмақ.   Ол қандай үйірмелер? Тілшіміз  Асылбек Данияр тарқатады.

Бас қаладағы оқушылардың 73 пайызы қосымша біліммен қамтылған. Спорт секцияларына баратын жасөспірімдердің үлесі - 41 пайыз. Білім басқармасы өкілінің айтуынша, қаладағы әр ауданда дене шынықтыру клубтары көбейіп келеді. Оған қатысатын балалар саны мыңнан асады.

Алтынай ЖАНҒАЗИЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Президенттің Қазақстан халқына балалар үйірмелері мен секцияларының қызметін жандандыру қажеттілігі туралы Жолдауын іске асыру аясында 4 орталық ашылды. Елордада қосымша білім беретін 11 ұйым жұмыс істейді. Олар 2 оқушылар сарайы, 3 музыкалық мектеп, 2 өнер мектебі, "Шығыс" балалар мен жасөспірімдерге арналған орталық.

Қыркүйек айының мәліметі бойынша, бұл орталықтарға 25 мыңнан астам бала барады. Олардың арасында № 2 өнер мектебінің тәрбиеленушілері де бар.

Мұнда қазір 800-ден аса бала түрлі бағыттар бойынша өздерін дамытып жүр. Вокал, хореография, көркем сурет. Бұл үйірмелердің барлығы оқушылардың сабақтан тыс уақытта  өтеді. Бір баланың бірнеше бөлімде оқуына мүмкіндік бар.  Оқу - ақылы. Бірақ  әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының балаларына жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға дәріс -тегін, дейді мекеме директоры.  

Гүлмира ЖАНГЕЛДІ, №2 ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Тыңдаймыз, консультациядан өткіземіз. Себебі, кейбір ата-аналар өз баласының бойындағы толық білмеуі мүмкін. Сондықтан, мамандар ақыл кеңестерін айтады. Міне, осы екі айдың ішінде біз балаларды мектепке қабылдаймыз.

Сонымен бірге,  мектеп жанында "Art Tumar" сәндік қолданбалы өнер орталығы бар. Онда балалар зергерлік өнерге машықтанып, тігін тігу әдістерін үйренеді.

Ал, ұлттық спорт түрлері мен ойындарды дамыту мақсатында бір жыл бұрын «Арқа алан» балалар орталығы ашылған. Мұнда қазақ күресімен айналысып, тоғызқұмалақ, асық  ойнап үйренуге болады.  Мекеме директоры бұл үйірмелерге сұраныс жоғары, дейді.

Нұрлан ТӘЖЕНОВ, «SHYGYS» БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сол жағалаудан тағы да ғимараттар салынып жатыр. Жоба бойынша соның біреуінен орын қарастырылған.  Онда басқа спорт түрлерін ашу ойда бар. Талап бар спорт түрлеріне, сұраныс бар спорт түрлеріне біз көп көңіл аударамыз.

Жалғас ЕРБОЛҰЛЫ, 9 ЖАСТА:

Маған өз басыма тоғызқұмалақ ұнайды. Өйткені, мен осы тоғызқұмалақ арқылы есептерді шығарамын.

Білім басқармасының мәліметінше, биыл оқушылар үшін 90 үйірме ашу көзделген. Қосымша білім алуға бөлінген мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

А. Данияр