Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда дәрі тағы қымбаттады

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2021
  • 1535

Биыл тамыздағы қорытындыға сай, дәрі-дәрмектің бағасы тағы қымбаттаған. Мұны Energyprom.kz агенттігі хабарлады. Олардың зерттеу қорытындысына сай, дәрі-дәрмек айына 0,3 пайызға, ал жыл ішінде 3,3 пайызға қымбаттаған. Кей ақпарат көздері өндірістің өсімі артқанын айтуда. Бірақ соған қарамастан бағаға құрық сала алар емеспіз.

Дертіне дауа іздегендер қазір дәрігерден бұрын, дәріханаға бас сұғатын болды. Жарнамадан көрген шетелдің дәрі-дәрмегін қымбаттығына қарамастан пайдаланады. Аурудың түрі көбейген сайын дәрінің де түрлері еселеп артып жатыр. Көбіне Қытай, Ресей, Үндістан, Германия, Түркия елдерінен жеткізілуде.  

Сапарбай ЖҰБАЕВ, САРАПШЫ:


Соңғы жылдарда бюджеттен айлыққа өте көп ақша беріліп жатыр. Сол жаңағы тамаққа, дәріге не болмаса басқа нәрсеге сұранысты көбейтіп жатыр. Яғни бұл ақша массасының көбеюі делінеді. Бізде осы ақша массасы соңғы жарты жылда 20-25 пайызға көбейді. Бұның өзі басқа әсерлердің жоқ болғанның өзінде де бағаны көбейтіп жібереді.

Бірінші жартыжылдықта бізде шамамен 99 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек өндірілген. Өндірістің өсімі бір жыл ішінде 31 пайызды құрады. Десе де баға өсуін тоқтатар емес. "Дәрі-дәрмек қымбат, оны сатып алуға кейде тіпті, зейнетақымыз да жетпей қалады" дейді егде жастағы қала тұрғындары.

БЛИЦ:

- Аптекаға кірсең бәрі қымбат. Қалай сатып аламыз білмеймін.

- Бір аптекада нормальная цена. Басқаға барсаң, там даже на 100 теңге может больше быть. Неге олай?

- Әйтеуір бәрі қымбаттап жатыр ғой. Дәрі да. Қай жаққа жеткізерімізді.


Баға өсімі, әсіресе күнделікті сұранысқа ие дәрілерден байқалады. Соның ішінде асқазан, ішек ауруларына арналған препараттардың құны кемі 10 пайызға өскен. Бұдан басқа дәрінің де бағасы өсіпті. Ал бағасы қымбат өңірлер арасында Маңғыстау облысы бірінші орында тұр. Мұнан соң Нұр-Сұлат, Ақмола облысы алғашқы үштіктен орын алған. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министірлігі былтыр дәрілердің шеткі бағасын бекіткен еді. Соған қарамастан баға құбылуын тоқтатар емес. Оның себебін жауаптылардан сұраған едік, бірақ жауап беруге асығар емес.  

А. Базарбай