Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада "Tanym" креативті технологиялар орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2021
  • 1421

Елордада "Tanym" креативті технологиялар орталығы ашылды.  Жоба "Елбасы Академиясы" аясында  балалардың шығармашылық және зияткерлік мүмкіндіктерін арттыру үшін жүзеге асырылған. Мұнда оқушылар цифрлық құралдармен жұмыс істеуді үйренеді. Тілшіміз Бекболат Сатуов жаңа орталықтың жұмысы туралы толығырақ айтады.

"Таным" орталығы  Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында орналасқан. 40 орынға арналған кеңседе жыл соңына дейін мыңнан астам оқушы білім алады деп жоспарланған.  Қатысушылар 3 айлық курстан өтеді және орталықтың сертификатына ие болады. Ең бастысы оқушылар   шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай,  мамандық меңгеруге  мүмкіндік алады.

Азамат НӘБИЕВ, "TANYM" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Біз крач, пайтн ... және видео монтажды үйренеміз. Болашақта біз көптеген жетістіктерге жетеміз деп үміттенеміз. Мысалы кез-келген бала алып, майкрофтқа кіріп, олар өздері схема создать ете алады.Үй, өздеріне ұнайтын идеяларын воплощать ете алады.Болашақтағы жоспарым ол аийти саласын дамыту.

Оқу орталығының  талантты тәрбиеленушілері  әлемдік додаларға  қатыса алады. Ең бастысы оқушылар  ақпараттық технология тілін жетік меңгеріп,  сол арқылы шығармашылықтарын шыңдайды." Бұл балалардың болашақта таңдайтын мамандығына да әсерін тигізеді",- дейді мамандар.
 
Нартай ӘШІМ, «BILIMLAND» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Сіз суретші болсаңыз да, аниматор болсаңыз да, дыбыспен жұмыс істесеңіз де, видеомен жұмыс істесеңіз де сіздің партфолиоңыз болуы керек. Академиялық жағынан мықты балалар болады және әртүрлі себептермен ол жағынан қалыс қалатын балалар болады. Оларға да оқуды меңгерудің дағдыларын үйрететін осындай шығармашылық арқылы мақсатымыз бар.

Орталықтың ашылғанына бірер күн ғана болса да, 100-ден астам бала осында дәріс алуға ниет білдірген. Айта кетейік, қосымша білім беру орталығында оқу-тегін.      

Б. Сатуов