Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырту алды

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2021
  • 1242

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентопты  қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы ықтымақтастыққа жоғары баға берілді. Мұстафа Шентоп жылы кездесу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. Сондай-ақ ол мемлекет басшысын Түркі кеңесі елдерінің саммитіне шақырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде Түркияның халықаралық аренадағы беделінің артып келе жатқанын тілге тиек етті. Бауырлас елдің жетістігіне қуанатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Арамызда, екі елдің арасындағы қарым-қатынасымыз ойдағыдай дамып келе жатыр. Өзара сенімдік, достық негізделген қарым-қатынасымыз өте жақсы дамып келе жатыр.

Б. Сатуов