Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланың туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты. Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұңғыш Президентке аудандар құрылысы, қаланы көгалдандыру жұмыстары, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігі туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, Елбасы назарына елорданың жаңа мешіт құрылысы мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін абаттандыру жобалары ұсынылды.
Б. Сатуов