Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2021
  • 1986

Петропавлда денсаулық сақтау басқармасының басшысы 425 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде тараған кейбір  ақпарат көздерінің мәліметінше, шенеунік медициналық компания өкіліне қолдау мен қамқорлық көрсету  үшін бір мың АҚШ долларын алған. Бармақ басты, көз қысты әрекеті үшін оған қандай жаза тағайындалатыны  әзірге белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кету керек, күдікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне былтыр ғана тағайындалған. Ал оған дейін   бірқатар аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.

А. Құрманкин