Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда көмір тапшылығы туындады

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2021
  • 1569

Қызылжарда көмір тапшы. Жүк көліктері таң сәреден бастап темір жол бекеттерінде қаз қатар тізіліп, кезекте тұр. Әсіресе, қара жыра көмірін сататын кәсіпорында бір мезетте 50 шақты  көлік кептеліп  қалған.  Бірақ ол қоймада небәрі 3 вагон отын болғандықтан көліктің көбі бос қайтқан.  Енді жұрт көмір іздеп сабылып жүр.

Ербол ЕСЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таңертенгі жетіден бері кезекте тұрмыз. Шұбаркөл де жоқ, қаражыра да . Маған бес тонна керек қысқа. Хотя бы ойлағам ақшаға сәйкес үш тонна аламын деп. Қалғанын қыста аламын деп, болмады.

Теріскейде Екібастұз, Майқұба, Қаражыра мен Шұбаркөл сынды кен орындарының көмірі жоғары  сұранысқа ие. Қатты отын 9 мың мен 15 мың теңге аралығында сатылып жатыр.   Облыс халқы қыс мезгілінде  шамамен 400 мың тонна көмір жағады. Құзырлы мекеме өкілдері бұл тапшылықты маусымдық сұраныспен түсіндіріп отыр.

Бақыт ІЛИЯСОВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ М.А:

Көмір күзде жоғары сұранысқа ие. Халық жаппай отын сатып алып жатыр. Қыстың қамын жазда ойлағандар үшін ондай проблема жоқ. Теміржол бекетіне әзір 200 тонна көмір келді. Жақын күндері саудаға шығарылады. Қазанның бесіне дейін тауар тағы тасымалданады. Көмір тапшылығы мәселесі шешіледі деп ойлаймын.


А. Құрманкин