Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа экология министрін сынға алды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2021
  • 1485

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа экология министрін сынға алды. Жалпы отырыста Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Жанарбек Әшімжан министрге мемлекеттік тілде бірнеше сұрақ қойған болатын.  Ал министр   сауалға тосылды ма, белгісіз,  қазақ тілінде қойылған сұрақтарға орыс тілінде жауап беруге рұқсат сұрады.    

Серікқали БРЕКЕШЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

Сұрағыңызға рақмет, мемлекеттік тілде жауап беруге кішкене қиналамын. Қазақша білмегендіктен емес, өз ойымды толық жеткізу үшін орыс тілінде жауап берейін.


Нұрлан Нығматулин  министрге сұрақ мемлекеттік тілде қойылғандықтан  жауапты қазақ тілінде беру керек екенін  ескертті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сіз енді бірінші рет келіп отырсыз бізге. Депутаттың сұрағында өте үлкен күрделі мәселе. Сондықтан ендігі келгенде бір өтініш бар. Ол мемлекеттік тіл. Сіз Парламентке келіп отырсыз. Қазақ тілінде қойылған сұраққа, қазақ тілінде жауап беру керек.

Б. Сатуов