Солтүстік Қазақстанда қорықшылардың өздері заңсыз аңшылықпен айналысқан. Полицейлер ерекше табиғи қорғау аумағын тексеру кезінде браконьерлерді қолға түсірді. Олардың көлігін тінту барысында екі маралдың еті табылды. Күдіктілер бірден ағынан жарылып, қызыл кітапқа енген жануарларды қай жерде атып, сойып алғанын көрсетті. Артынша қос азаматтың сол орманда қорықшы болып қызмет атқаратындығы белгілі болды. Тәртіп сақшылары оларды құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Жалпы, аймақта жыл басынан бастап заңсыз аңшылықтың 11 фактісі тіркелген.
Ерлік ЕСЛЯМБЕКОВ, СҚО ПД ЕСІЛ АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫ:
Күдіктілердің екеуі сол ауданда қорықшы болып жұмыс істеп келген екен. Екі адам қазіргі уақытта Есіл ауданының ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды.
А. Құрманкин