Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде бір тәулікте 19 оқушыдан коронавирус анықталды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2021
  • 1424

Ақтөбеде бір тәулікте 19 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырған балалардың сыныптары түгел карантинге жіберілді. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, қазір Ақтөбеде барлығы 279 сынып 14 күндік карантинде.  

Мұхтар СЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқушылар арасында 19 жағдай, жоғары оқу орындарына баратын студенттер арасында 1 жағдай, орта арнаулы оқу орындарына баратын студенттер арасында 4 жағдай тіркелді. Балабақшаға баратын балалар арасында 2 жағдай тіркелді.

Г. Сейтенова