Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар партиялық бақылауды күшейтті

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2021
  • 2072

Шығыс Қазақстан облысында "NUR OTAN" партиясының сайлауалды бағдарламаларының кейбірі   орындалмай қалуы қаупі бар. Бұл туралы облыстық мәслихаттағы партиялық фракция отырысында айтылды. Проблемалық мәселелер аймақтық саяси кеңес бюросында да талқыланған.

Мәселен Шемонаиха қаласындағы аурухананы жөндеу жұмыстары уақытында аяқталмауы мүмкін. Партиялық бақылау тобы оның себебін білуге аттанып кетті. Олар әр жобаның мерзімінен кешігу себептерін анықтамақ. Сонымен қатар, партия мүшелері өңірде инклюзивті білім беру үшін қосымша кабинеттер ашуға қаражат бөлінгенін айтты. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Ақниет» орталығы бар. Отырыста сумен қамтамасыз ету мәселелері, аймақтағы білім беру мекемелерінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары ерекше бақылауға алу туралы шешім қабылданды.

Қуаныш СҮЛЕЙМЕНОВ, ШҚО ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер қаралды. 18 индикатор қаралды, оның 11 -і мәслихаттың ертеңгі сессиясында мақұлданады және жылдың соңына дейін 7 -уі шешімін табады. Жалпы «Барлығына лайықты өмір» бағдарламасы республика бойынша 25% орындалды. Сайлауалды үгіт кезінде айтылғанның барлығын партия толықтай орындауға күш салуда.

Ә. Дүкембаева