Русский Сайттың толық нұсқасы

Ы. Алтынсариннің бюсті қойылды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2021
  • 1895

Елордадағы  №83 мектептің алдына белгілі ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бюсті қойылды. Салтанатты шара ұстаздар күніне орайластырылған.  

Қараша айында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толады.  Бюст осы айтулы датаға орай қойылды. Айта кетейік, биыл   тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Елордада бір қатар қоғам қайраткерлері мен елдің дамуына үлес қосқан тұлғалардың  ескерткіштері орнатылған. "Бұл  -өткенге құрмет",- дейді жауаптылар.

Асхат ОРАЛОВ, НҰР -СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Елордамызда бірқатар ұлы тұлғаларымыздың ескерткіштерін аштық.Олардың қатарында әрине алаш қайраткерлері бар. Қаныш Сәтбаев,Талғат Бигелдинов, Дина Нұрпейісова, Жақсылық Үшкемпіров.

Ыбырай Алтысарин бюстінің биіктігі тұғырмен қосқанда 4 метрден асады.  Тұғыр граниттен құйылған, ал мүсін  қоладан жасалған.

Ерлан СЫДЫҚОВ, Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Тарихымызды түгендемейінше, онымен мақтанатын дәрежеге келмейінше біз келешегімізді жасай алмаймыз. Міне, бүгін біз Ы.Алтынсариннің бюстінің ашылу салтанатына келіп отырмыз. Бұл мектептің алдына қойылуы заңдылық.

Расымен, бұл  бюсттің дәл осы білім ордасының алдына  қойылуы тегін емес. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мектепке ұлы  ағартушының есімін беру жоспарда бар.

Ғани БЕЙСЕНБАЕВ, Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақ даласында мектеп ашып, қазақ балаларының білімді болуына үлкен мүмкіндік туғызған  Ыбырай атамыздың мектептің алдында ескерткіші орнауы және Нұр-Сұлтан қаласының төріндегі зәулім мектептің алдында орнауы бұл үлкен мәнге ие символдық шара деп есептеймін.


Шарада ұстаздар күніне орай мерекелік тілектер жолданды. Сондай-ақ педагогтардың жетістіктері айтылды.

 Б. Сатуов