Жыл басынан бері ел ішінде адам саудасына қатысты 200 қылмыстық іс қозғалған. Оның 78-і сотқа жолданыпты. Қалғандары бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігі тергеу департаменті, бүгін осындай ақпарат таратты. Олардың дерегінше соңғы үш жылда әр жыл сайын адам саудасының 90 құрбаны анықталады. Оның 20-сы мәжбүрлі еңбекке тартылған. Сондай-ақ "адам экспорты" көбіне Азиядағы 6 елге аттандырылып келген.
Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Олар Катар, Индонезия, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Оңтүстік Корея. Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан адам әкелетін екі импорт дәлізі, анықталып, жойылды. Бахрейнге жыныстық жолмен ақша табуға тартылғандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Зардап шеккендердің жалпы саны 39-ға жетті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.
А. Базарбай