Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы санаториялық мектеп дауын шешуге «Nur Otan» партиясы араласты

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2021
  • 1399

Орал қаласындағы басы даудан арылмаған санаториялық мектеп ғимаратынан оқушыларға ешқандай қауіп жоқ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы ұйымдастырған басқосуда айтылды.

Ата-аналардың айтуынша, бұл ғимаратта бұрын туберкулезге шалдыққандармен байланыста болған оқушылар білім алған. Сондықтан   білім ордасында адамға зиянды түрлі инфекциялардың әлі де сақталуы мүмкін. Осыдан қауіптенген ата-аналар баласын басқа мектепке ауыстырмақшы болған.  Партияның ұйымдастыруымен өткен басқосуда республикалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары онлайн байланыс арқылы  осыған  қатысты пікір білдірді.  Ата-аналардың алаңдауына еш негіз жоқ екендігін айтып, ғимаратта балалар өміріне келер қауіп жоқ екенін    мәлімдеді.

Махамбет СҰЛТАНҒАЛИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Санаториялық мектепте қазіргі таңда оқуға болады. Қауіп біздің балаларға туындап жатқан жоқ. Қазіргі таңда бұл сұрақ толықтай шешілді деп есептейміз.

Е. Карин