Елдің солтүстік өңірлері коммуналдық-тұрмыстық көмірмен толық қамтамасыз етілген. Бұл туралы «Қазақстан Темір Жол -Жүк тасымалы» Жауапкершілігі шектеулі серікткестігі Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов мәлімдеді. Оның айтуныша, тасымал саласында көмірді жалпы тиеу өткен жылмен салыстырғанда шамамен 4%-ға артқан. Толығырақ алдағы сюжетте.
Биыл қыркүйек айының өзінде темір жол көлігімен 9 млн тоннаға жуық тас көмір тасмалданған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 4 пайызға жоғары. Бірінші кезекте, жылу электр орталықтары мен тұрғындар қажеттіліктерін толық көлемде жабады. Ал туындаған қиындықтар жоспардан тыс тапсырыстар мен өтінімдерге байланысты болды дейді-жауаптылар
Қанат КӨБЕСОВ, "ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің жоспарымыздан сәл артта қалу себебі, Қазақстанның оңтүстік өңірлері көмірді жеткізуге енді өтінім бере бастағанына байланысты, өйткені елдің оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы байқалады. Бұл ретте Қазақстанның солтүстік өңірлері коммуналдық-тұрмыстық көмірмен толық қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, биылғы жылы жол бөлімшелерінде мониторингтік топтар құрылған. Олар көмір тұйықтарының кірме жолдарында қатты отынға қасты ақпарат жинауды жүзеге асырады. Сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтайды және оларды бірлесіп шешеді. Жалпы ел аумағында 64 мыңнан астам ашық вагон бар, олардың 55% көмір тасымалдауға жұмылдырылыпты. Сондықтан да тасымалдау саласында вагон тапшылығы жоқ деді. Алайда жүк жөнелтушілер тарапынан кешігулер болған.
Қанат КӨБЕСОВ, "ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ" ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жүк жөнелтушілерді өз тұйықтарында көмір тиеу нормаларын сақтауға шақырамыз. Мысалы: "Вастокугольпром" ЖШС шыққан вагондар 16 сағат жүруі тиіс, бірақ олар қазір 18 сағатты жолға жұмсап отыр. 245 бірлік тиелуі тиіс вагондарға 227 бірілік жүктеліп жатыр. Яғни тәулігіне 18 вагонға 1260 тонна көмір тиелмеуде. Осының салдарынан айына 38 мың тонна көмірді жоғалтып отырмыз.
Жылыту маусымы қарсаңында дәстүр бойынша темір жол компаниясының орталық аппаратында көмір тасымалдау жөніндегі жедел штаб, жол бөлімшелерінде - жедел топтар жұмыс жасауда. Штаб отырыстары апта сайын көмір жөнелтушілердің қатысуымен өткізіледі. Бұл штаб вагон айналымын бақылайды, вагондардың жүк операцияларында тұрып қалуын қысқарту жөніндегі шараларды қабылдайды. Айта кетейік ағымдағы жылы көмір тасымалдау тарифінде де өзгеріс жоқ. Бұл тіпті жоспарланбаған дейді жауаптылар.Көмір тасымалдау тарифі қара металдарды тасымалдау құнынан бес есе, орман жүктерінен 2,5 есе төмен көрінеді.
Б. Сатуов