Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрлан Нығматулин Бейбіт Атамқұловқа неге шүйлікті?

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2021
  • 1525

Өнеркәсіп саласында бір ғана орталық шешу керек мәселені, бірнеше орталық қарайды. Ал бұл мемлекет бюджетін артық шығынға әкеледі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Төраға Нұрлан Нығматулин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне осыны айтып шүйлікті. Ол Бейбіт Атамқұловтың баяндамасы мен берген жауаптарына да қанағаттанбады.

Мәжіліс төрағасының өнеркәсіп саласындағы атқарылып жатқан істерге көңілі толмады. Оқылған баяндама барысында қойылған сұрақтарға министр өз тарапынан мардымды жауап қайтара алған жоқ.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
 
Олардың әрқайсысының өз міндеттері, өз мақсаттары  және өз функциялары бар. Мысалы, Kazakh Invest инвестицияларға жауап береді, Саланың дамуы - лизингтік қаржыландыруға жауап береді.


Өз саласына қатысты нақты ештеңе айта алмаған министр Мәжіліс Төрағасынан бірнеше ескертулер алды. Оған қоса, Нұрлан Нығматулин ұсынылып отырған заңнама өнеркәсіп саласының инвестициялық  және экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталғанын нақтылап берді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сіз өзіңізге қойылған сұрақтарға жауап бере алмайсыз. Бұқаралық ақпарат құралдарына да, блогерлерде де, автоөндірісте және басқа мәселе бойынша да. Себебі өз араларыңда футбол ойнайсыңдар. 1 емес 7 даму институты, 4 министрлік бар. Бәрінің айтатыны мен жауап бермеймін, ол жауап бермейді. Осылай.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин мемлекеттік қолдауға жүгінген кәсіпкерлерге талапты қатаңдатуға болмайтынын, бұл тікелей сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғатынын айтты.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Осыған сәйкес, жауапты министрлік пен атқарушы топқа екінші оқылымға дейін тиісті міндеттемелерді нақты, анық және түсінікті етіп толықтыруды тапсырды. Депутаттар «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын бірінші оқылымда бірнеше түзетулермен мақұлдап жіберді.  

А. Базарбай