Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл тұрғындары бас көтерді

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2021
  • 2269

Жамбыл облысындағы бүтін бір ауыл халқы бүгін бас көтерді. Олар көгілдір отын беруді талап етті. Айтуларынша 2018 жылы келеді деген газ, әлі жоқ. Халық жаппай құбыр тартып, үйдегі пештерін де ауыстырып тастаған. Олар жергілікті биліктің ауылдан үш жарым шақырым жердегі газ магистрал желісін елдімекенге жеткізіп бере алмай жүргендеріне ашулы.

Бұл -Ақшолақ ауылының тұрғындарының бүгінгі жанбағысы. Аудан әкімдігі «Биыл газ кіреді» деген сөзіне сеніп, қарызданып қауғаланып үйлеріне газ құбыры мен пешін орнатып алыпты. Күн суытқанда  көгілдір отын биыл келмейтін болып шыққан. Мұны естіген бұқара өре түрегелді.

 БЛИЦ:

- Срогы 31 декабрьге дейін өлсек те тірілсек те қосып береміз деген. Сөздерінде тұрмайды. Ауданның әкімінің айтып тұрғаны анау 24-жыл дейді. Өздері білмейді не істеп не қойып жатқандарын.

- Қарызданып енді газға бердік.Ең болмаса көмір түсіріп алатындай жағдайымыз болмады ғой. Біз декарбрге дейін қалайда кіреді деп ойладық. Енді міне көмір қымбаттап кетіпті. Кеше сұрастырсам 20-22 мың болып кетіпті. Мына тұрған жерге 15 мыңмен әкеледі жеке меншік мәшине.

- Облыс әкімінің орынбасары Талғат Шәриевтің қабылдауында болдық. «Сентябрьдің аяғына дейін күтіңіздер деді. Күтті халық. Енді келіп ақша бөлінбейтін болды дейді. Сол дұрыс па?».


Жергілік билік өкілдері де, айқайға басқан жұрттың ортасына жедел жетті. Халықты сабырға шақырды. Шырылдаған шенеунік, мәселені шешуге қаржы қолбайлау болып отырғанын айтып ақталды.

Жанәділ АЙТБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде шынында да қазір Ақшолақ ауылына каз әкелуге қаржы жетпей тұр шындап келген кезде. Мен өзімнің қолыммен екі мәрте бюджетке өтілім бердім. 485 млн теңге ақша беріңіздер деп. Энергетика министірлігімен бүгіннің көлемінде біз тағы да жұмыс жасаймыз қосымша осы 400 млн теңгені бөлдіруге.

Мұны естіген тұрғындар, ашуға булықты.  Шенділердің әрекетін сынға алды. Бас қаладан қаражат жетпей жатып, елді әбігерге салғандарды түсіне алар емес. Олар желтоқсан айына дейін газ желісін ауылға тартып берсін деп талап қойды. Талап орындалмаса «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» күре жолын жабамыз деп бекініп, тарқасты.  

Б. Жұмабайұлы