Павлодарда көп қабатты үйдің ауласынан 17 жастағы бозбаланың мәйіті табылды. Ол жоғары қабаттан секіріп кеткен. Әзірге жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз. Полиция іс қозғады.
Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.
Павлодарда соңғы бір аптада өз-өзіне қол салған оқиғалар жиілеген. Бірнеше күн бұрын ғана RBK банкінің өңірлік филиал директоры көп қабатты үйдің 8-ші қабатынан секіріп, көз жұмған болатын.
Ө. Қуанар