Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көп қабатты үйдің ауласынан 17 жастағы бозбаланың мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2021
  • 1617

Павлодарда көп қабатты үйдің ауласынан 17 жастағы бозбаланың мәйіті табылды. Ол жоғары қабаттан секіріп кеткен.  Әзірге жас жігіттің  өз-өзіне қол жұмсауына  не себеп болғаны белгісіз. Полиция іс қозғады.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған фактіге сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалды.


Павлодарда соңғы бір аптада өз-өзіне қол салған оқиғалар жиілеген. Бірнеше күн  бұрын  ғана RBK банкінің өңірлік филиал директоры  көп қабатты үйдің 8-ші қабатынан секіріп, көз жұмған болатын.

Ө. Қуанар