Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда «роупджампинг» нұсқаушысы қамалды

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2021
  • 1637

Шахтинск тұрғыны Евгения Льеонтьеваның өліміне кім себепкер екені анықталды. Бүгін «роупджампинг» экстремалды спортының 32 жастағы нұсқаушысы күдікке ілініп уақытша қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, ол Евгенияны екінші арқан байланбай тұрып уақытынан бұрын секіртіп жіберген. Яғни жерде тұрған әріптесі арқанды ағашқа бекітпей жатып,  тексерместен Евгенияға 30 метрден секіруге бұйрық берген.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу барысында полиция қызметкерлерімен 32 жастағы аттракционның нұсқаушысы анықталды. Яғни оның қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті ҚР Процессуалдық Кодексінің 128 бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Еске салайық, Шахтинск қаласының 33 жастағы тұрғыны Евгения Леонтьева Қарағандыдағы Созвездие қонақүйінің шатырынан экстремальды секіру кезінде  қайтыс болды. Ол жолдасы мен достарының көз алдында 9 қабаттан жерге құлап түсіп, бірнеше метрге сүйретіліп,бетонға барып соғылған. Артында, үш бала қалды. Кеше марқұмның құрбысы Евгенияны төменге сырғытып түсіруі тиіс екінші арқан бекітілмей қалғанын мәлімдеген еді. Биіктен секіртетін компанияның басқа қызметкерлерінен куәгер ретінде түсінік алынып жатыр.   «Адам өліміне әкеліп соққан  қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

А. Қуаш