Русский Сайттың толық нұсқасы

"20 жыл бойы зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым"

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2021
  • 2165

Елордалық 3 балалы келіншек 20 жылдан бері жолдасынан зәбір көріп келеді. Айтуынша, балаларының көзінше талай рет аяусыз соққыға жығылған.  Сондықтан ажырасқан.  Мұндай жағдай елімізде өкінішке орай, жиілеп тұр. Қазақстан әлем бойынша ажырасудан 2-ші орында.

Мадина  кіші баласын жетектеп  дағдарыс орталығына келген. Басқа барар жерім жоқ дейді.  20 жыл отасқан жолдасы күнде өлтірем деп қорқытып, күн бермеген. Сосын амал жоқ ажырастым дейді ол. Екі баланың біреуі әкесінде қалған.   

Мадина, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 
Мені бұрынғы күйеуім 20 жылға жуық ұрып келді. Арамызда кәмелет жасына толмаған 2 баламыз бар. Олар бәрін көріп жүрді. Ең соңғы рет мені соққыға жыққан кезде, балаларымның көзінше аяқпен де, қолмен де ұрып-соқты. Кішкентай ұлым қасымда отырып, папа қойшы деп жылады.


Айнұр да күйеуінен таяқ жеген. Оның да шаңырағы шайқалғалы тұр.  Үйінен қашып, әр жерде бас сауғалап жүр.

Айнұр, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мені қамап ұрып соқты. Сыртымнан құлттап, балаларды әкетіп қалды. Біз бірінші этажда тұрамыз, терезеден шықтым. Телефон, документтерімнің бәрін алып қойған таксимен сіңлімнің үйіне бардым, сол үйден 102-ге хабарластық.

Ажырасудың көбеюі  күрделі мәселеге айналғанына депутаттар  алаңдаулы.  Елімізде күн сайын 150 жұп айрылысады.  Бұл жағдайдың алдын алу үшін     мектептер  мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақ енгізуді ұсынды.

Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

5 жыл ішінде орта есеппен күніне 389 неке тіркелсе, оның 150-інің некесі бұзылған. Бәрін әлеуметтік жағдайға сілтей салу қисынды ма? Біздің ше маңызды проблемалардың терең түбірі жастардың тәрбиесінде, олардың ортасына да байланысты. Ажырасудан ең көп зардап шегетін балалар екендігі шындық.


Мамандардың айтуынша,  жастар, істейтін жұмыс, тұратын баспана болмаған соң отбасын сақтай алмай отыр дейді.

Берік КӨКБАЙҰЛЫ, МЕДИАТОР:

20-40 жастағы адамдардың арасында ажырасу басым. Ажырасу, алимент, әкелікті тану, балалармен әкелерінің мәселелері көп. Үйленіп алады да, ертеңінде жұмыс жоқ, тұратын үй жоқ, осындай жағдайлар ажырасуға әсер етеді.


Әсел ДҮКЕМБАЕВА,  ТІЛШІ:

Қазір жастар үшін үйлену мен ажырасу оңай сияқты. Той, , думан,  неке куәлігі мен жүзік. Ал арада   ұрыс-жанжал туса,    жүзікті лақтыра салады,  неке куәлігін жырта салады. Осыған жол бермес үшін депутаттар отбасы институтын күшейтуді, мектептер мен жоғары оқу орындарында арнайы сабақ енгізуді ұсынды. Бұл жастарға ой салса жақсы.
 

Ә. Дүкембаева