Сахна сыртындағы спектакль. Атырауда мемлекеттік тапсырысқа қатысты шу шықты. Көктемде Наурыз, Бірлік мерекелері мен Халықаралық театр күнін ұйымдастырған кәсіпкермен келісім-шарт қыркүйекте ғана жасалған. Бұл туралы мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. Аймақтағы 10 ірі мәдени шараны ұйымдастыру бақыты жеке кәсіпкерлікке бұйырған. Бір көзден сатып алу тәсілімен еш конкурссыз жеңімпаз атаныпты. Жыл басында ғана жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 116 млн теңгенің мемлекеттік тапсырысына қол жеткізген. Театр басшылығы оны ең төмен баға ұсынғандықтан таңдадық,- деп отыр. Кәсіпкермен келісім-шарт наурыз айының басында жасалған, тек құжаттар мемлекеттік сатып алу порталына қыркүйекте тіркелгендіктен, түсінбестік туындады,- дейді.
Берік ЖӘМЕНОВ, МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Шынын айтқанда, бұл жерде өрескел заң бұзушылық болмаған сияқты. Мемлекеттік сатып алу дейтін бар. Оның арнайы маманы бар. Ол кісі наурыз айында жұмыстан шығып кетуіне байланысты дер кезінде гасзакупка ашықтыққа жарияланбай қалды.
Б. Нәдірқызы