Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау жастарының проблемалары «Жас Отанның» Астанада өтетін IV съезінде талқыланады

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2017
  • 2526

Маңғыстау жастарының проблемалары «Жас Отан» жастар қанатының Астанада өтетін төртінші съезінде талқыланады. Шара қарашаға жоспарланғанмен, белсенділер алдын ала өңірлерді аралап, қордаланған сұрақтармен таныса бастаған. Бірінші отырыс Ақтауда өтті.

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасымен өңірдегі 70-ке жуық жұмысшы жастар кездесті. Олар - медицина мекемелерінің қызметкерлері, мұғалімдер, мұнайшылар мен теміржолшылар. Қатысушылар «Жастар - Отанға» жұмысшы жастар лагерінде 3 күн болып, ең өзекті мəселелерді қарастырды. Бірінші орында баспана мәселесі тұр. Ұйымдастырушылар әзірге ұсыныстарды жинақтап, ортақ форумда талқылауды жоспарлап отыр.

Есберген Тәңірбайұлы, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жауапты қызметкері, партия ардагері:

Елбасымыздың, "Болашаққа бастар жол: Рухани жаңғыру" атты мақаласында айтылғандай, біздің еліміздің болашағы осы жастарымыздың қолында екенін. Осы жастарымыздың қабырғаларымен сезініп, болашақты жасау үшін, болашақта өздерінің бүкіл күш-жігерін еліміздің өркендеуіне жұмсау үшін шын мәнінде де осындай басқосу қажет-ақ.