Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерін Ауғанстанға қолдау көрсетуге шақырды. Саяси көзқарастар мен жеке сенімдерге қарамастан гуманитарлық жәрдем беруді ұсынды. Бұл орайда Қазақстан сөзден іске көшкен.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазақстан қазірдің өзінде азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізуге кірісті. Бұл жұмысты жүйелеу мақсатында Ауғанстанға халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі логистикалық хаб құруды ұсынамыз.
Келер жылы Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жариялады.
Б. Сатуов